"Ауыл" партиясынан облыстық маслихат депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидаттар А.Қонарбаев, С.Дүйсенбеков, Т.Сəдуақас пен өзін өзі ұсынушы Қарақия ауданының маслихатына кандидат К.Қойбағаров Қарақия ауданының Жетібай ауылындағы "Жетібаймұнайгаз" АҚ басшылық құрамы ұжымымен кездесу өткізді.
Жиында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламалары мен алдағы атқарылатын жұмыстарды жан жақты түсіндірді. Ұжым мүшелеріне өздерінің мазалаған сұрақтарына жауап берілді.